Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму­дың маңызды көрсеткішінің бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұ­мыс­тар жүргізілуде.
Өңір экономикасында оң өсім бар
90
оқылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында жыл басынан бері өңірде 60 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шараларына тартылып, оның 30 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Бұл – өңір тұрғындарының табысын арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың нақты нәтижесі.

Өңір экономикасын дамы­ту және жаңа жұмыс орын­да­рын қалыптастыруда өнер­кәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм және инфра­құрылым салаларына басымдық беріліп отыр. Ин­вес­тициялық жобаларды іске қосу, өндіріс орындарын кеңейту және жаңа кәсіпкерлік нысандарын ашу арқылы еңбек нарығындағы мүм­кін­діктерді арттыру көзделген. Осы мақсатта өңірлік жұмыс­пен қамту картасы аясында биыл 74 516 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл көрсеткіш облыстың экономикалық бел­сенділігін арттырумен қатар тұрғындардың тұрақты табыс көзін қалыптастыруға мүмкін­дік береді.

Жұмыспен қамту мәселесі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұраш­бековтің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Бас­қосуда өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы, халықты нәтижелі еңбекке тарту, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты үйлес­тіру, әлеуметтік қолдау шара­ларының тиімділігі қаралды. Сонымен қатар азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына сапалы орналастыру, мем­лекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру және бюджет қаражатын мақсатты пайдалану мәселелеріне назар аударылды.

Басты міндет – еңбекке қабілетті азаматтарды тұрақты табыс әкелетін жұмыспен қам­тамасыз ету арқылы халық­тың әл-ауқатын арттыру. Бұл бағыт­тағы жұмыстар жаңа өндіріс­терді іске қосу, инвес­тиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және өңір экономи­касының жаңа секторларын дамыту шараларымен сабақ­тастықта жүзеге асырылуда. Нә­ти­же­сінде, жұмыс орын­дарының саны ғана емес, облыс­­тың өндірістік әлеуетін, экономи­калық белсенділігі мен тұр­ғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағыт­талған мүм­кіндіктер де кеңейе түседі.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы