Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, коронавирус жұқтырған 65 адамның 11-і - Вирусология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, – деп жазады CentralAsia.
«Медицина қаншалық дамыса да, мемлекет қанша қаражат бөлсе де, халық дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспаса, карантин ережесін сақтамаса, пандемиямен күресіп жатқан азаматтардың барлық шарасы босқа кетеді», – деді Шавкат Мирзиеев.
Сондай-ақ, Өзбекстан президенті елдегі жағдайға байланысты халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізбей, үндеу жасамаған өңір басшыларының жұмысын сынға алды.
«Жергілікті телеарналар, газеттер мен журналдарда жұмыс дұрыс деңгейде атқарылмай жатыр», – деді ол.
Осыған байланысты президент облыс, аудан және қала басшыларына күні-түні жұмыс істеу керегін айтып, коронавирустың алдын алу үшін жұмыстар жүргізілу керегін ескертті.