60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Канаданың өкілі Роман Семирозумды жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Қазақтың жап-жас дзюдошысы әлемді мойындатып, алтын медаль жеңіп алды (видео)
ҰОК
102
оқылды

Қазақстандық жас дзюдошы Ғабит Расулхан Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Канаданың өкілі Роман Семирозумды жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Расулхан жарыс жолында Алжир, Түркия, Украина және Жапония спортшыларынан басым түсті. Жартылай финалда жапониялық Дайчи Ташироны иппонмен жеңіп, финалға шықты.

Қазақстан құрамасы чемпионаттың алғашқы күнінде бір алтын, екі күміс және екі қола медаль иеленді. Осылайша ұлттық құрама жалпы медальдық есепте көш бастады.

Биылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионатына 59 елден 457 жас дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс 20-23 тамыз аралығында Гуаякиль қаласында өтіп жатыр.