Бұған дейін іс бойынша сот отырысы 24 тамыз күні сағат 10:00-ге жоспарланған еді.
Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді
119
оқылды

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша 24 тамызға жоспарланған сот отырысы кейінге шегерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Астана сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот отырысы техникалық себептерге байланысты басқа күнге ауыстырылған.

Бұған дейін іс бойынша сот отырысы 24 тамыз күні сағат 10:00-ге жоспарланған еді.

Соттың хабарлауынша, келесі отырыстың нақты күні, уақыты мен өтетін орны туралы қосымша ақпарат беріледі.