Родинское – Донецк облысының Покровск ауданындағы Покровск қалалық қауымына кіретін қала
Ресей әскері Донецк облысындағы бір қаланы басып алды
269
оқылды

Украиналық DeepState аналитикалық мониторинг жобасының мәліметінше, Ресей әскері Донецк облысындағы Родинское қаласын басып алды.

Жоба сарапшылары Ресей күштерінің Харьков облысында да алға жылжығанын хабарлады.

«Қарсылас Родинскоені басып алды, сондай-ақ Артильное маңында алға жылжыды», – делінген DeepState хабарламасында.

Родинское – Донецк облысының Покровск ауданындағы Покровск қалалық қауымына кіретін қала. Ал Артильное ауылы Харьков облысының Купянск ауданында орналасқан.

Украина немесе Ресейдің ресми әскери органдары бұл ақпаратқа қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.