Қуанбек Бақгелді Өзбекстандағы жекпе-жекте жеңіске жетті
Қазақстандық файтер Өзбекстанда жергілікті спортшыны жеңді
instagram.com/mangu_professional_league
143
оқылды

Қазақстандық ММА шебері Қуанбек Бақгелді Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен Mangu Professional League 4 турнирінде жеңіске жетті.

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық спортшы өзбекстандық Фазлиддин Махмудовпен кездесті. Үш раундқа жоспарланған айқас толық өтіп, төрешілердің бөлек шешімімен Бақгелдінің пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қуанбек Бақгелді кәсіпқой ММА-дағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл оның қатарынан үшінші жеңісі болды.

Ал бұған дейін үш кездесуінің барлығында жеңіске жеткен Фазлиддин Махмудов кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.