23 тамызда елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде.
5510 әскери бөлімінің ұландары Құрылтай сайлауында ең алғашқы болып дауыс берді
155
оқылды

Осы маңызды саяси науқанға Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің көкшетаулық әскери қызметшілері де қатысып, өз таңдауларын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әскери қызметшілер сайлау учаскесіне барып, Конституцияда бекітілген азаматтық құқықтарын жүзеге асырды. Олар дауыс беру арқылы елдің болашағына қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті.

Сайлау – әр азаматтың ел дамуына өз үлесін қосып, маңызды шешімдерге қатысуына мүмкіндік беретін демократиялық үдеріс. 5510 әскери бөлімінің жеке құрамы бұл маңызды шараға белсенді қатысып, өз дауыстарын берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.