Ол қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық парызын орындауға шақырды.
Ерлан Қошанов Қазақстан теміржолы ғимаратындағы сайлау учаскесінде дауыс берді
179
оқылды

Қоғам қайраткері әрі саясаткер Ерлан Қошанов жаңа Құрылтай депутаттарын сайлау үшін Қазақстан теміржолы ғимаратындағы сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Құрметті достар! Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Қазақстандықтар жаңа Құрылтайдың депутаттарын сайлап жатыр.
Бұл – жұртшылықтың кең қолдауына ие болған жаңа Халықтық Конституцияны іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды реформалардың заңды нәтижесі. Мен Қазақстан теміржолы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс бердім. Адамдар таңертеңнен бастап белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Сайлауға отбасыларымен бірге келіп жатқандар көп. Бүкіл еліміз бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп сенемін. Баршаңызды сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық парыздарыңызды орындауға шақырамын. Қуатты, Әділетті, Прогрессивті Қазақстанды бірге құрайық!"  – деді Е.Қошанов.