Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 130 мыңға жуық әскери қызметшісі мен олардың отбасы мүшелері еліміздің жаңа бір палаталы Парламенті – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дауыс беруді өткізу үшін әскери бөлімдер мен мекемелерде қажетті жағдай жасалды. Сайлау процесін 25 жабық сайлау учаскесі қамтамасыз етті.

Дауыс беру сайлау туралы заңның талаптарына, жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы қағидаттарына, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға сәйкес өтті.

Әскери бөлімдер мен мекемелерде дауыс беру ұйымдасқан түрде, белгіленген тәртіппен және заңбұзушылықсыз өтті. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері тұрғылықты және қызмет өткеріп жатқан жеріне қарамастан, сайлауда өз дауыстарын беруге мүмкіндік алды.
