Ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында тіркелсе, ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында болды.
Құрылтай сайлауы: сағат 10:00-дегі дауыс беру белсенділігі белгілі болды
145
оқылды

Қазақстанда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, 2 264 411 сайлаушы дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 17,96%-ын құрайды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 10.00 –дегі жағдай бойынша, өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:

1. Астана қаласы бойынша – 17,01%.

2. Абай облысы бойынша – 17,35%.

3. Ақмола облысы бойынша – 18,91%.

4. Ақтөбе облысы бойынша – 20,28%.

5. Алматы облысы бойынша – 17,19%.

6. Атырау облысы бойынша – 18,75%.

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 17,97%.

8. Жамбыл облысы бойынша – 18,25%.

9. Жетісу облысы бойынша –  20,87%.

10. Қарағанды облысы бойынша – 21,06%.

11. Қостанай облысы бойынша – 17,92%.

12. Қызылорда облысы бойынша – 22,91%.

13. Маңғыстау облысы бойынша – 16,92%.

14. Павлодар облысы бойынша – 15,98%.

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 17,52%.

16. Түркістан облысы бойынша –  20,39%.

17. Ұлытау облысы бойынша – 19,41%.

18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 19,93%.

19. Алматы қаласы бойынша – 9,96%.

20. Шымкент қаласы бойынша – 20,39%.

Жалпы, еліміз бойынша сағат 10.00-де 2 264 411 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 17,96 % -ын құрады.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат  сағат 12.00-де беріледі.