Әншінің пікірінше, азаматтың сайлауға қатысуы – жай ғана дауыс беру емес, бұл – елдің ертеңіне сенім білдіру.
Алматыда әнші Мақсат Базарбаев сайлауға қатысып, дауыс берді
240
оқылды

Белгілі әнші Мақсат Базарбаев Алматыдағы №236 учаскесінде  дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мақсат Базарбаев мемлекет тағдыры мен қоғамның келешегі ел азаматтарының белсенділігі, бірлігі және таңдауына деген жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. 

«Сайлауға келіп, дауыс беріп жатқан халықтың қарасы қалың. Қуанып қалдым. Себебі әр адам таңдау жасап, ел өміріне үлес қоса алады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстанымыздың абыройы арта берсін», – деді өнер иесі.

Әншінің пікірінше, азаматтың сайлауға қатысуы – жай ғана дауыс беру емес, бұл елдің ертеңіне сенім білдіру, қоғам өміріне араласу және болашаққа жауапкершілікпен қарау.