Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, бүгінгі сайлауда қазақстандықтардың азаматтық белсенділігі өте жоғары.
Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған Мемлекет басшысының бастамаларын қолдауға тиіспіз – Аида Балаева
фото: баспасөз қызметінен алынды
140
оқылды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Таңертеңнен бері Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп отыр. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары екенін көріп отырмыз. Бұл әрбір азаматтың өз болашағына және еліміздің ертеңіне үлкен жауапкершілікпен қарайтынын аңғартады. Өз жолымызды өзіміз айқындауға мүмкіндігіміз бар болғандықтан, біз өзімізді шын мәнінде бақытты халық деп санай аламыз. Осындай бірлік пен ел ісіне ортақтастық ахуалын Халықтық Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум кезінде де көрдік.

Біз болашаққа нық сеніммен қараймыз, құндылықтық бағдарларымыз бен ұлттық басымдықтарымызды айқын түсінеміз. Мұның бәрі халқымыздың бірлігі мен ауызбіршілігінің арқасында мүмкін болып отыр. Біз осыны бағалап, елдегі тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтауға және озық әрі Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған Мемлекет басшысының бастамаларын қолдауға тиіспіз. Президент пен жалпыұлттық мақсаттар төңірегіне топтасқанда ғана алға нық қадам баса аламыз», – деді Аида Балаева.

Премьер-министрдің орынбасары сайлау науқаны барысында саяси партиялардың жоғары белсенділік танытып, үгіт-насихат жұмыстарына креативті тұрғыдан келгенін атап өтті.