23 тамыз күні сағат 13:00-ге дейін облыста 13 сәби өмірге келген. Оның 8-і — ұл, 5-еуі — қыз.
Атырау облысында сайлау күні түске дейін 13 сәби дүниеге келді
aikyn.kz
151
оқылды

Атырау облысында сайлау өтіп жатқан күні сағат 13:00-ге дейін облыста 13 сәби өмірге келген. Оның 8-і – ұл, 5-еуі – қыз дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атырау облыстық перинаталдық орталығының кезекші дәрігері Дастан Закариннің айтуынша, аналар мен сәбилердің жағдайы жақсы.

Айта кетейік, бүгін елімізде Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Атырау облысында сайлаушылар өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруде.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы