Сонымен қатар азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.
Сайлаушылардың 53 пайыздан астамы дауыс берді: сағат 14:00-дегі деректер жарияланды
133
оқылды

Қазақстанда сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 696 002 азамат дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілгендердің 53,12%-ын құрайды. Ең жоғары белсенділік Қызылорда, Абай және Жетісу облыстарында тіркелді. Сонымен қатар азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:

1. Астана қаласы бойынша – 40,92%.
2. Абай облысы бойынша – 63,07%.
3. Ақмола облысы бойынша – 61,15%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 60,87%.
5. Алматы облысы бойынша – 54,57%.
6. Атырау облысы бойынша – 54,49%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,21%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 50,58%.
9. Жетісу облысы бойынша – 62,89%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 62,79%.
11. Қостанай облысы бойынша – 55,86%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 64,22%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 50,65%.
14. Павлодар облысы бойынша – 54,01%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,63%.
16. Түркістан облысы бойынша – 57,72%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 53,31%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,10%.
19. Алматы қаласы бойынша – 30,36%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 55,32%.

Жалпы, еліміз бойынша сағат 14.00-дегі 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,12% құрады. Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16.00-де беріледі.