Дауыс берушілердің басым бөлігі – жастар
Түркиядағы отандастарымыз Құрылтай сайлауына белсенді қатысуда
"Qazaqstan" ұлттық арнасындағы онлайн марафоннан түсірілген
228
оқылды

Түркиядағы қазақстандықтар белсенді дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Жалпыұлттық онлайн-марафон барысында Түркиядан тікелей байланысқа шыққан тілші сайлау учаскелеріндегі ахуалды көрсетті. Дауыс берушілердің басым бөлігін жастар құрап отыр. Олар үшін ұлттық тағамдар ұсынылған.

Бүгін, 23 тамызда, ел тарихындағы тұңғыш Құрылтай сайлауына орай жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр. Тікелей трансляция сағат 09:00-де басталып, түнгі 00:30-ға дейін жалғасады. Марафон алаңында осы уақыт аралығында Орталық коммуникациялар қызметінің алты брифингі өтіп, сайлау процесіне қатысты ресми ақпараттар ұсынылды.