Домбыраның қоңыр үні мен ұлттық киімдегі қарсы алу рәсімі сайлаушыларға ерекше әсер қалдырды.
Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы
137
оқылды

Түркістан облысы Келес ауданындағы №334 сайлау учаскесі Құрылтай сайлауына келгендерді ұлттық киіммен өнерпаздар қарсы алып, домбыраның сүйемелдеуімен әсем ән айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлесім тапқан бұл көрініс сайлау күнін ұлттық құндылықтармен сабақтастыра түсті. Дәстүрлі өнерді дәріптеген шараға сайлау учаскесіне келген тұрғындар оң бағасын беріп, ұлттық мәдениетке деген құрметін білдірді. 

Мұндай бастамалар халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап қана қоймай, қоғамдық маңызды шара барысында ұлттық болмысымызды айшықтай түседі. Домбыраның қоңыр үні мен ұлттық киімдегі қарсы алу рәсімі сайлаушыларға ерекше әсер қалдырды.

Айта кетейік, Келес ауданында 61 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ал аудан бойынша 70 438 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.