11 елде дауыс беру аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
ҚР СІМ хабарлауынша, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскелерінің барлығы жұмыстарын бастады.
Шетелдерде тіркелген 11 402 сайлаушылардың 6 007-сі дауыс берді. Шетелде дауыс беруді Америка Құрама Штаттарының Сан-Франциско қаласындағы отандастарымыз аяқтайды (Астана уақытымен сағ. 19:00 ашылды).
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы шетелдердегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары дереу Орталық сайлау комиссиясына жолданатын болады.
