Оралдағы сайлау учаскелерінің біріне «Қыз Жібек» көркем фильмінің кейіпкерлерінің костюмін киген жұп келіп, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төлеген мен Қыз Жібектің рөліндегі кейіпкерлер өздерінің Жастар театрының актерлері екенін айтты. Сондықтан жарқын костюмдер де, кейіпкерлердің образын барынша дәл жеткізуі де кездейсоқ емес.
«Біз жай ғана дауыс беруге келеміз деп ойлағанбыз. Ал мұнда кино көрсетіп жатқандай әсер қалдырды. Өте әдемі», – деп өз көзімен ерекше перформанстың куәсі болған қала тұрғындары әсерлерімен бөлісті.
Сәукеле, сыңғырлаған әшекейлер мен дәуірдің символына айналған көйлек. Бұл – қазақстандықтардың бірнеше буынына жақсы таныс образ. Қыз Жібек пен Төлеген – көпшілікке таныстыруды қажет етпейтін экрандағы ғашықтар. Сондықтан №513 сайлау учаскесіне бірге келген жұпты сайлаушылар бірден таныды.
