Қырғызстан Президенті құттықтау жеделхатын жолдады
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай депутаттары сайлауының сәтті өтуімен құттықтады
137
оқылды

Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және бауырлас қазақ халқын Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

«Азаматтардың еркін білдіруі нәтижесінде құрылған Құрылтай Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтуға, құқықтық және қоғамдық-саяси институттарды жетілдіруге, сондай-ақ елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады деп терең сенемін.

Сіздің басшылығыңызбен жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделеріне, халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің одан әрі дамуына қызмет ететінін ризашылықпен атап өтемін.

Қырғыз-қазақ стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастары алдағы уақытта да дәйекті түрде нығайып, екі ел халықтарының мүддесі үшін, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету жолында жаңа мазмұнмен толыға беретініне сенім білдіремін.

Сізге зор денсаулық, бақ-береке және мемлекеттік қызметіңізге табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін», – делінген Президент Садыр Жапаровтың құттықтау жеделхатында.