Турнирге VIXEN, Valkyrja, Delight, Tri2x, Vipers және MISSCLIX командаларының құрамында барлығы 30 қыз қатысты.
Астанада Counter-Strike 2 бойынша екінші әйелдер турнирі өтті
110
оқылды

22 тамызда Астана қаласында The Summit Esports (TSE) ұйымдастырған Counter-Strike 2 бойынша екінші әйелдер турнирі – Astana Queens Cup II өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарыс Colizeum Premium компьютерлік клубында өтті. Командалар алдымен топтық кезеңде бақ сынап, оның қорытындысы бойынша үздік командалар жүлделі орындар үшін күресті жалғастырды.

I орын – Valkyrja командасы

II орын – VIXEN командасы

III орын – MISSCLIX командасы

Astana Queens Cup турнирі осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы турнир 2026 жылдың маусым айында өтіп, оған да 30 қатысушы қатысты. Жоба әйелдер киберспорт қауымдастығын дамытуға және Counter-Strike 2 ойынына қызығушылық танытатын қыздар үшін тұрақты жарыс алаңын қалыптастыруға бағытталған.

Екінші турнирдің өткізілуіне демеушілер қолдау көрсетті:  Invictus Girl фитнес-клубы,  AVON  халықаралық косметикалық компаниясы, әйелдер гигиенасы мен күтіміне арналған өнімдер бренді  EVA, Sundar Yoga йога студиясы, BodyPro  дене бітімін түзету студиясы,  Colizeum Premium  компьютерлік клубы және  Salvare  заң фирмасы. Қатысушылар Astana Queens Cup II турнирін қолдаған компаниялар мен брендтерден сыйлықтар және арнайы жүлделер алды.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.