Шымкент қаласының Абай ауданындағы Түркия көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үй кешенінің 4-қабатындағы пәтердің балконында заттар өртеніп, кейін жалын пәтер бөлмесінің керме төбесіне тараған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ күштерімен баспалдақ арқылы 19 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
