Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шәкірттері беделді халықаралық жарыста топ жарған ұстаздар мен тәлімгерлер мемлекеттік наградамен марапатталды
240
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шәкірттері беделді халықаралық жарыста топ жарған ұстаздар мен тәлімгерлерді жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Мейрамгүл Кенжехановаға, Алматы қаласындағы №134 лицей мұғалімі Ирина Нестеренкоға – «Құрмет» ордені, 

 Edlight Academy » әдіскері Жанболат Жолгелдиевке, Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Қарлығаш Жолдыбаеваға,  Haileybury Almaty  мектебінің мұғалімі Владимир Жукке, Өскемен қаласы Білім-инновация лицейінің мұғалімі Айгүл Сейітдәулетке – «Ерен еңбегі үшін» медалі, 

Қызылорда қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Батыр Жарқынға, Талдықорған қаласындағы №24 лицей мұғалімі Меруерт Абаеваға, Павлодар қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Олжас Әмзеевке, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімі Бақыт Мамышевке «Шапағат» медалі берілді.