Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.
Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды 
Фото: istockphoto
203
оқылды

Магистратура бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.

Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін төмендегі сілтемелерден көре аласыздар:

  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Telegram арнасы;
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасы;
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты;
  • Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы;
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Instagram парақшасы.