«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Құрылтай сайлауының ресми қорытындыларын мойындайтынын мәлімдеді.
«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев
Фото: "Байтақ" партиясының баспасөз қызметінен алынды
146
оқылды

«Бүгінгі таңда қолымда азаматтардың ерік білдіруіне күмән келтіруге негіз болатын расталған деректер жоқ. «Байтақ» партиясы Қазақстан халқының таңдауына құрметпен қарайды және сайлаудың заңда белгіленген тәртіппен анықталған ресми қорытындыларына сүйенетін болады», – деп атап өтті Әміртаев.

Сондай-ақ ол сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасаған барлық қазақстандықтарға алғысын білдірді.