Ұлттық құрама бұл кездесуде Аустралия командасымен ойнап, 3:0 (25:21, 25:18, 25:21) есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы волейболдан Азия чемпионатында Аустралияны жеңді
Фото: ҚР ҰОК
104
оқылды

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші матчын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық құрама бұл кездесуде Аустралия командасымен ойнап, 3:0 (25:21, 25:18, 25:21) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Индонезияға 0:3 есебімен есе жіберген еді.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан волейболшылары келесі ойынын 25 тамызда Таиланд құрамасына қарсы өткізеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.