Ұлдар арасындағы жарыста Астана-1 алтын медаль иеленді.
Қазақстан U12 кубогының жеңімпаздары анықталды
Фото: ҚТФ
124
оқылды

Астанада 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Қазақстан кубогы аяқталды. Командалық жарыстар Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының корттарында өтіп, еліміздің өңірлік құрамаларын жинады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Турнир қорытындысы бойынша ұлдар мен қыздар арасында да Астана-1 командасы жеңімпаз атанды.

Теннис федерациясы мәліметінше, ұлдар арасындағы жарыста Астана-1 алтын медаль иеленді. Екінші орынды Астана-2 командасы алса, Алматы-1 қола жүлдегер атанды.

Қыздар арасындағы жарыста да жүлделі орындар дәл осылай бөлінді. Астана-1 командасы жеңіске жетіп, Астана-2 күміс жүлдені иеленді, ал Алматы-1 үшінші орынға тұрақтады.

Ұлдар мен қыздар командаларының нәтижелері бойынша жалпыкомандалық есеп қорытындыланды. Қазақстан кубогының бас жүлдесін Астана-1 жеңіп алды. Екінші орынға Астана-2 жайғасса, үздік үштікті Алматы-1 түйіндеді.

Қазақстан U12 кубогының қорытынды нәтижелері:

Ұлдар:

1 – Астана-1

2 – Астана-2

3 – Алматы-1

Қыздар:

1 – Астана-1

2 – Астана-2

3 – Алматы-1

Жалпыкомандалық есеп:

1 – Астана-1

2 – Астана-2

3 – Алматы-1

Қазақстан U12 кубогы командалық форматта өткізіледі және осы жас санатындағы теннисшілер үшін маңызды ұлттық жарыстардың бірі саналады. Турнир жас спортшыларға өз өңірінің намысын қорғап, жарыс тәжірибесін жинауға және елдің үздік командаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.