Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы бірпалаталы Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне байланысты жылы лебіздерін жолдаған Ресей Президенті Владимир Путинге, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға ризашылығын жеткізді.
Шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты
114
оқылды

Мемлекет басшысы бұл парламент сайлауы Қазақстан азаматтарының ынтымағын байқатып, халқымыздың, әсіре­се өскелең ұрпақтың жарқын келешегі үшін жоғары деңгейде жауапкершілік танытқанын, нағыз отаншылдық үлгісін паш еткенін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстанның жан-жақты жаңғыруы, саяси және экономикалық рефор­малар үздіксіз жүргізілетін үрдіске айналды. Құрылтай сай­лауының қорытындысы көрсеткендей, еліміздің ба­ғыт-бағдарын азаматтардың басым бөлігі қолдайды. Бұл Әділетті, Озық, Таза Қазақстан құру жөніндегі жос­парды ойдағыдай орындауға сенімді кепіл болады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев достас мемлекеттер бас­­шыларының өз елдерін орнықты дамытуға бағыт­тал­ған жобалары мен бағдарламаларын табысты жүзеге асыруы­на тілектестік білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының атына ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭК, ЭЫҰ, ТҮРКСОЙ және басқа да ха­­­лық­­аралық ұйымдар жетекшілерінің құттықтаулары келіп түсті.