«Қазақстанда өткен Парламент сайлауы бауырлас қазақ халқы мен барша Түркі әлемі үшін құтты болсын!
Алдын ала ресми емес қорытындылар бойынша сайлауда көш бастаған «Әділет» партиясын, сондай-ақ сайлау шегінен өтіп, Құрылтайда өкілдік ету құқығына ие болған «Ауыл» партиясын, Respublica партиясын, «Ақ жол» демократиялық партиясын және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын (ЖСДП) шын жүректен құттықтаймын.
Осы сайлау нәтижесінде қалыптасатын жаңа кезеңнің Түркі әлемі үшін маңызы зор. Өйткені ғасырлардан кейін алғаш рет бабаларымыздан мирас болып қалған «Құрылтай» атауымен Қазақстанның заң шығарушы органы өз жұмысын бастамақ.
Сонымен қатар Қазақстанның бір палаталы парламенттік жүйеге көшуі және Қазақстан мен Түркияның парламентаралық байланыстары мен өзара іс-қимылының бұдан да үйлесімді әрі тиімді сипатқа ие болуы қуантады.
Құрылтай – түркі мемлекеттерінің саяси дәстүрінде әділеттің, кеңес пен өзара ақылдасудың, сондай-ақ халық еркінің ең айқын көріністерінің бірі.
Бұл тарихи қадам Қазақстанның демократиялық даму үдерісіне және Түркі әлемінің ықпалдастығына жаңа серпін береді деп сенемін», – деп жазды Күршад Зорлу.
А.СҰЛТАН
