Өрттің шығу себептері анықталуда.
Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
212
оқылды

25 тамыз күні сағат 12:55-те «112» пультіне Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Нысанның ерекшелігі ескеріле отырып, ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақыру дәрежесі бойынша оқиға орнына дереу жіберілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өртті сөндіруге ТЖМ, «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының өрт сөндіру-құтқару қызметінен шамамен 65 адам мен 19 бірлік техника жұмылдырылды.

– Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, тартылған барлық күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіру ұйымдастырылды.

Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, оттың одан әрі таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді, – деп мәлімдеді ТЖМ. 

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себептері анықталуда. Жағдай бақылауда.