«Түнгі сағат 2-де диагноз расталғанын хабарлады» – коронавирусқа шалдыққан қазақстандық алғаш рет сұхбат берді
«Түнгі сағат 2-де диагноз расталғанын хабарлады» – коронавирусқа шалдыққан қазақстандық алғаш рет сұхбат берді
Фото: КТК телеарнасынан
356
оқылды
Қазақстанда бірінші рет коронавирусқа шалдығып, ауруханаға жатқызылған науқас сұхбат берді. КТК телеарнасына берген сұхбатында коронавирусқа шалдыққан Алина Жанзақова аурудан емделу мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, рейсі кейінге қалғандықтан, Грузиядан Беларусь арқылы елге оралған. Коронавирусты ұшақта жұқтырған.
«Ұшақта жөтеліп, ауырып отырған әйелді көрдім. Бірақ оның диагнозы нақтыланғанын білмеймін. Бірақ біздің Минск – Алматы ұшағында вирусты жұқтырған екі адам болды. Құрбым екеуміз вирусты жұқтырған болсақ, «басқаларға таратпайық» деп бір таксиде қайттық. Мен үйде карантин режимін сақтадым», – дейді Алина Жанзақова.
Алинаның айтуынша, аурудың алғашқы белгілері тұмауға ұқсас болған. «Алғашқыда құрғақ жөтел және іш, өкпе, кеуде тұсым қатты қызып, ауырды. Бастапқыда дене температурам көтерілген жоқ. Дәрігерлер түнгі сағат 2-де маған коронавирус расталғанын хабарлады», – дейді Жанзақова. Оның айутынша, 2 күннен кейін жөтел мен тамағы ауырғаны басылған. Телеарнаның хабарлауынша, Алина Жанзақованы ұшақта, палатада қасында болғандардың денсаулығы алаңдатады.