Полицейлер оған қонуға қолайлы орын табуға көмектесті.
Қарағандыда полицейлер шетелдік туристерге көмек көрсетті
133
оқылды

Қарағандыда полицейлер шетелден келген саяхатшыларға көмектесті. Алдымен патрульдік полицейлер қала көшелерінің бірінде өте баяу қозғалып келе жатқан BYD көлігін байқаған. Рөлде Малайзия азаматы отырған. Ол жолсеріктерімен бірге әлемді аралап, Қытайға бет алған екен. Электрлі көліктің қуатын үнемдеп келе жатқанын түсінген полицейлер туристермен ағылшын тілінде сөйлесіп, қаладағы тамақтанатын және аялдайтын орындарды көрсеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ал келесі күні патрульдік полиция қызметкерлері Бұқар жырау даңғылында чемодан көтеріп жүрген Қытай азаматын кездестірді. Ол қонақ қонақүйден бос орын таба алмай жүргенін айтқан. Полицейлер оған қонуға қолайлы орын табуға көмектесті.

Бұл – полиция қызметінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, қала қонақтарына қажет кезде қолдау көрсетуге де бағытталғанын көрсететін қарапайым, бірақ маңызды мысал.

– Қазақстанға келген әрбір қонақ өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуі маңызды. Ал полицейлердің дер кезінде көрсеткен көмегі – елдегі қонақжайлық пен қамқорлықтың жарқын көрінісі, – хабарламада.