"Атырау-Жарық" ЖШС-ның электромонтерін электр желісі бағанында тұрғанда ер адам тоқ соғып, салдарынан ол аяқ-қолынан айырылды, деп хабарлайды Aikyn.kz
Атырау облысының МАӘС азамат С-ның ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ-ға талап қою бойынша әкімшілік істі қарады.
"Атырау-Жарық" ЖШС-да электромонтер болып жұмыс істеген талап қоюшы 2026 жылғы 16 қаңтардағы жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінің тараптардың кінәсінің дәрежесін белгілеу бөлігімен келіспей, қарсы дау келтірді.
Тергеу барысында арнайы тергеп-тексеру комиссиясы жұмыс берушінің кінәсі - 80%, жұмысшының кінәсі 20% деп анықтады. С. кінәнің мұндай бөлінісімен келіспей, сотқа жүгінді.
Істі қарау кезінде сот ӘРПК-нің 72-бабын басшылыққа алып, әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істі дұрыс қарауға оқиғаға байланысты мән-жайды толық және объективті қарау міндетін негізге алды.
Жұмысты ұйымдастыру және жүргізу кезінде жұмыс беруші мен жауапты тұлғалардың тарапынан қауіпсіздік талаптарын бұзуына жол берілгені анықталды. Яғни, диспетчерге бригада жұмыс істеу керек учаскеде электр желісін ажырату тапсырылған. Ол артынан ажыратылғанын растаған соң жұмысшылар жұмысты бастауы керек еді. Алайда диспетчер осы учаскеде бригаданың жөндеу жұмысын жүргізіп жатқанын біле тұра, немқұрайлылық танытып, электр желісінің жұмысқа жарамдылығын тексеру мақсатында желіні әске қосқан. Салдарынан бағандағы тапсырылған жұмысты орындап тұрған жұмысшы электр тоғына түскен.
Сондай-ақ, жұмыс берушінің жауапты тұлғаларымен көзделген қауіпсіздік талаптарын, оның ішінде жұмыстың жүргізілуіне тиісті бақылауды және қызметкерлердің желіде болуы кезінде кернеу беру мүмкіндігін болдырмайтын қажетті шараларды қабылдауы толық көлемде қамтамасыз етпегені анықталды.
