Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде қар, бұршақ, нөсер жауын жауады. Ал кей жерлерде аптап ыстық болады.
Қар, бұршақ жауады: 26 тамызға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
201
оқылды

Қазгидромет 26 тамыз, сәрсенбіге ауа райы мен қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде қар, бұршақ, нөсер жауын жауады. Ал кей жерлерде аптап ыстық болады.

Солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбырлы әрі найзағайлы ауа райын сақтайды.

Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін. Алматы облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Республика бойынша жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Сондай-ақ болжам бойынша күндіз Қазақстанның екі өңірінде қатты ыстық болады: Маңғыстау облысында – +38...+39°С дейін, Қостанай облысының оңтүстігінде – +35°С дейін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.