Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесінің бірінші қызы Қытайдағы магистратураға грант иегері атанған. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қызының білім жолындағы жетістігін бөлісті.
«Сүйінші! Қызымыз Аяулым Қытайда екі жыл грантпен қытай және жапон тілдерін оқып, биыл Қытайдағы магистратураға грантқа түсті. Аллаға шүкір! Осындай қуанышымызды сіздермен де бөліскім келді», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіні құттықтап, қызына жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
