Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Оралда әлеуметтік желіде бейәдеп сөз айтқан ер адам қамауға алынды
61
оқылды

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бейәдеп сөздер мен өзге азаматтарға қатысты балағат сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жүргізілген  шаралар барысында бейнежазбаның авторы анықталды. Ол  Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны Асхат Құмаров болып шықты.

Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары интернет-кеңістігінде құқықбұзушылықты анықтау және жолын кесу мақсатында ұдайы түрде мониторинг жүргізілетінін, заң талаптарын бұзған адамдар міндетті түрде жауапқа тартылатынын еске салады.