28 тамызда Александр Подлесный бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында сынға түседі.
Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: спортшылардың нәтижесі
Фото: ҚР ҰОК
109
оқылды

Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Илларион Авченко және Эмиль Касимов әлем біріншілігі аясында бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысының (U18) іріктеу кезеңінде бақ сынады. 

Нәтижесінде Илларион 357.25 ұпаймен 30-орын алса, Эмиль 338.00 ұпаймен 34-орынға тұрақтады. Осылайша отандастарымыз іріктеу кезеңінен өте алмады.

Сондай-ақ Александр Подлесный үш метрлік тұғырдан суға секіру сайысының (U15) іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Дегенмен 345.45 ұпаймен 22-орынға тұрақтап, іріктеуден өте алмады.

ҚР ҰОК мәліметінше, 28 тамызда Александр Подлесный бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында сынға түседі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.