Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз солтүстік-шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жаңбыр, тұман, өрт қаупі: 27 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
142
оқылды

Қазгидромет 27 тамызда бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан батысқа ойыса соққан желдің күндіз облыстың солтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 27 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз солтүстік-шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың орталығында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, ал облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 27 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 27 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 27 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күндіз облыстың шығысындағы екпіні 18 м/с болмақ. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 27 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 27 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 27 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, батысында кей уақытта нөсер жаңбыр болса, күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соққан желдің облыстың оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 27 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 27 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 27 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр болып, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігіндегі екпіні 25 м/с. Петропавлда 27 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 27 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 27 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 27 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.