Бессайыстан Гуйян қаласында (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатында эстафеталық жарыстар аяқталды.
Бессайысшылар эстафетаны аяқтады
509
оқылды

Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Темірлан Әбдраимов пен Лев Чувашов жетінші орынға ие болды. Әйелдер арасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова тоғызыншы нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да сынға түсті. Кирилл Стадник пен Ярославна Понер жарысты тоғызын­шы орынмен аяқтады. Енді әлем чемпионатында жекелей жарыстар басталды.