Вашингтон санкция арқылы Иранның халықаралық қаржы жүйесіне қолжетімділігін шектеуді көздеп отыр.
АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді
58
оқылды

АҚШ бүгін Иранға қарсы санкцияларды кеңейтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Шектеулер Иранның мұнай саудасына, зымыран және ядролық бағдарламаларына қатысы бар 60-қа жуық жеке тұлға, компания мен кемеге қатысты енгізілді.

Вашингтон санкция арқылы Иранның халықаралық қаржы жүйесіне қолжетімділігін шектеуді көздеп отыр. Сонымен қатар АҚШ Иранмен экономикалық байланысын сақтап отырған басқа елдерге де қысым көрсетуі мүмкін екенін ескертті.