Онда «Брэдфорд Сити» футболшылары дәлірек ойнап, 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Дастан Сатпаев ойнайтын «Бернли» командасы Англияның лигалар кубогынан шығып қалды
"Бернли" ФК
51
оқылды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» Англия лигалар кубогының үшінші кезеңінде «Брэдфорд Ситиге» есе жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кездесу негізгі уақытта голсыз аяқталды. Д. Сәтпаев алаңда 80 минут ойнап, қақпаға екі рет соққы жасағанымен, оның бірде-бірі нысанаға дәл тимеді. Sofascore порталы қазақстандық футболшының ойынына 7,0 балл қойды.

90 минуттан кейін есеп өзгермеген соң, жеңімпаз бірден пенальти сериясында анықталды. Онда «Брэдфорд Сити» футболшылары дәлірек ойнап, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша «Бернли» Лига кубогындағы жолын аяқтады. Команданың ендігі мүмкіндігі – Англия кубогы. «Бернли» бұл турнирді үшінші кезеңнен бастайды. Оның ойындары 2027 жылдың 9 қаңтарында өтеді.