Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы төмендейді. Батыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда күн жылы болып, ауа температурасы күндіз +30…+37°C дейін көтеріледі.
Астана: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.
Алматы: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.
Найзағай, қатты жел және дауыл кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. Ағаштар, жарнама құрылымдары және басқа да берік бекітілмеген нысандардың маңында жүрмеген жөн.
Дауылды ескерту сақталады:
27-28 тамызда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 27-28 тамызда облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 27-28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 27-28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
27 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысындатұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігіндеекпіні 15-20 м/с,күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с.
27 тамызда Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с.
27 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
27 тамызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
27 тамызда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
27 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
27 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-18 м/с.
27 тамызда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 тамызда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
27 тамызда түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 тамызда Алматы облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 тамызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
27 тамызда Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 тамызда Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
