Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
158
оқылды

Белгияның Хесден-Золдер қаласында тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстан құрамасының сапында үздік нәтижені Аружан Қабдулова көрсетті. Ол қалыс қалу сайысында алтыншы орын алды. Ерлер арасында Радмир Тресков 25-орынға ие болды. 

Ұпай бойынша топтық жарыста Әлихан Жүнісов 24-орынға жайғасты. Ал әйелдер арасында Аружан Қабдулова 21-орынға тұрақтады.

Жекелей із кесу сайысында Зейнолла Азаматұлы 45-орын, Радмир Тресков 46-орынға табан тіреді. Ал әйелдер арасында Виталина Хоружая 28-орынмен сайысты аяқтады.

Скретч бәсекесінде Зейнолла Азаматұлы 13-орынды иеленді. Әйелдер арасында Аружан Қабдулова 22-орыннан көрінді.

Спринт бағдарламасында Илья Куварин 37-орын, Мансұр Бралин 39-орынға табан тіреді.

Кейрин бәсекесінде Мансұр Бралин 13-ші, Илья Куварин 31-ші орынға ие болды. 

Жеке уақыт бойынша өткен жарыста Илья Куварин 27-ші, Мансұр Бралин 28-ші орынға тұрақтады.

Омниум бәсекесінде Әлихан Жүнісов 25-орында жарысты тәмамдады. Әйелдер арасында Виталина Хоружая 22-ші болды.

Мэдисон сайысында Аружан Қабдулова және Виталина Хоружая жарысты аяқтай алмады.