Коронавирустан көз жұмған әйел тұрған үй дезинфекцияланады
Коронавирустан көз жұмған әйел тұрған үй дезинфекцияланады
Фото: Интернеттен алынды
213
оқылды
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов коронавирустан көз жұмған 64 жастағы әйелмен жақын араласқандар анықталғанын айтты.
«Науқаспен жақын араласқан адамдар анықталды. Отбасы мүшелері және науқас жатқан №2 көпсалалы облыстық аурухана екенін айтты. Онымен байланыста болған адамдар ауруханаға жатқызылып, зертханада тексеруден өтті. Олар медициналық бақылауда болады», – дейді Серік Омарханов.
Жерлеу рәсімі өткеннен кейін марқұм әйел тұрған үй дезинфекцияланады. «Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асуда. Жерлеу рәсімі өткеннен кейін қайтыс болған әйел тұрған үйге толық дизенфекция жасалады. Дизенфекцияны Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық сараптама орталығы жүргізеді», – дейді ол.