Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астанада подъезд терезесінен дәрет сындырған ер адам қамауға алынды
Фото: әлеуметтік желі
167
оқылды

Астанада полиция Айтеке би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің подъездегі терезесінен дәрет сындырған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құқық бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол — 43 жастағы елорда тұрғыны, Ақмола облысының тумасы Тимур Жунусов болып шықты. 

Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. ️ 

«Қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың ар-намысы мен тыныштығына нұқсан келтіретін әрекеттерге міндетті түрде заң аясында тиісті шара қолданылады», - делінген полиция хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.