Әнші оқырмандарын ауылда тұруға шақырды.
«Ауылда тұрайын деп жатырмын»: Мақпал Жүнісова жаңалығын жеткізді (видео)
Фото: әлеуметтік желі
442
оқылды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова туған жері Қарқаралыға барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желіде жолда кетіп бара сәттен бейнежазба жариялады. Сонымен қатар оқырмандарын ауылға қоныс аударуға шақырды. Өзі де ауылда тұрғысы келетінін жасырмады.

"Жайылым толған мал. Ауылымыз елге толсын. Қалаға қашпаңыздар, ауылға қайтыңыздар. Жерге ие болыңыздар. Мен де зейнетке шықтым, ауылға келіп тұрайын деп жатырмын. Ол үшін келіп, өз қолыммен үй салғым келеді. Сиыр және бие сауа аламын", - дейді әнші. 

Желі қолданушылары бұл көріністі жылы қабылдап, әншіге қолдау білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.