Нысанды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан теміржол вокзалдарын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілді.
Абай облысында Дегелең стансасының вокзалы қайта жаңғыртудан кейін ашылды
Фото: gov.kz
210
оқылды

Абай облысында Дегелең стансасының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дегелең стансасының теміржол вокзалы 1953 жылы салынған. Қайта жаңғырту аясында ғимарат жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, толықтай жаңартылды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында нөлдік цикл құрылысы, ғимарат қаңқасын тұрғызу, сыртқы және ішкі әрлеу шаралары жасалды. Сумен жабдықтау және кәріз желілерінің сыртқы инженерлік жүйелері, сондай-ақ ішкі инженерлік коммуникациялар жаңартылды.

Дегелең стансасының вокзалы II санатты вокзалдарға жатады. Станса арқылы Семей, Астана, Бейнеу, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қандыағаш бағыттарымен қатынайтын 8 жолаушылар пойызы өтеді.

Вокзалды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымы нысанының сыртқы келбетін жақсартуға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.