Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Нағыз отаншыл азамат үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ – Тоқаев
205
оқылды

Қазақстан Республикасы Құрылтайы бірінші сессиясының ашылуына қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңын нағыз отаншыл азамат үшін өз халқына адал қызмет ету керегін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Нағыз отаншыл азамат үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Ұлт мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс. Әділетті, Күшті Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Ел аманатына адал болу – парыз. Сіздер осы жолда табанды еңбек етесіздер деп сенемін.   Құрылтай жұмысына табыс тілеймін! Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін! Қазақстан Республикасы жасасын!», деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.