Елордада түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудың жолын кесу бойынша полиция қызметкерлерінің жұмысы жалғасып жатыр.
Астанада түнде отшашу ұйымдастырған тұрғын 5 тәулікке қамалды
Фото: gov.kz
131
оқылды

Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінің маңындағы автотұрақта полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымды іске қосқан ер адамды анықтады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.. Тексеру барысында 34 жастағы азаматтың әпкесін туған күнімен құттықтау мақсатында отшашу ұйымдастырғаны белгілі болды. Алайда бұл әрекет түнгі уақытта азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп талаптарын сақтаудың маңызын еске салады. Тұрғындарды азаматтардың тыныштығын құрметтеуге және пиротехникалық бұйымдарды тек рұқсат етілген орындарда, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып пайдалануға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.