Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Біраз уақыт жатып қалған": Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды
www.istockphoto.com
159
оқылды

27 тамыз күні Петропавлдағы Тауфик Мұхамедрахимов көшесіндегі кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің мүрдесі біраз уақыт жатып қалған. Сондықтан  әзірге оның жеке басын анықтау мүмкін болмаған. 

– Тұрғылықты мекенжайы жоқ әйел деп айтуға болмайды. Өйткені мүрденің жанынан телефон мен кілттер табылды. Болжам бойынша, марқұм бұған дейін жоғалып, іздеу жарияланған әйел болуы мүмкін.

Алайда бұл – қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, – дейді тәртіп сақшылары.