Оқиға бүгін болған.
Алматы әуежайындағы оқиға: FlyArystan ұшағында өрт шықты
www.istockphoto.com
263
оқылды

Алматы қаласының халықаралық әуежайында FlyArystan-ға тиесілі ұшақтан өрт шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Компанияның мәліметінше, техникалық жұмыстар барысында ұшақта өрт шыққан. 

Air Astana тобы 28 тамыз күні Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе компаниясының ұшағында жоспарлы техникалық жұмыстар кезінде өндірістік оқиға болғанын растады. 

Жұмысты орындау кезінде шағын көлемдегі өрт шықты. Оны әуежайдың жедел қызметтері жедел түрде толықтай сөндірді. Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол ауруханадан шығарылды, – деп мәлімдеді компания.

Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған.

Қазір ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды. Мамандар зақымдану деңгейін бағалап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге кіріскен. Air Astana тобы мен Алматы халықаралық әуежайы болған өндірістік оқиғаның мән-жайын анықтау жұмысын жүргізіп жатыр.